Қырдағы ойын
Бұл бетте «Қырдағы ойын» атты Баянғали Әлімжанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көктем келіп, қырда,
Құлпырады шалғын,
Қозы, лақпен бірге,
Ойнап, асыр салдым.
Секеңдейді лағым,
Секіреді добым,
Кекеңдейді бұзау,
Еркелейді қозым.
Лақтырдым кеп допты,
Қуамын деп лақты,
Бұзау орғып кетіп,
Қозыны кеп қақты.
Қозы қашты зулап,
Бұзау шапты тулап,
Құлынға тез мініп,
Қиқу салдым шулап.
Қуып жетіп бәрін,
Қайырады құлын,
Дүрілдеттік сөйтіп,
Біз ауылдың қырын!
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі