Қарындас пен қарындаш – Баянғали Әлімжанов

Бұл бетте «Қарындас пен қарындаш» атты Баянғали Әлімжанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.05.2020
  • 0
  • 0
  • 1587
Қызыл, жасыл қарындаш,
Қызықтырар баланы,
Қарындасым Қарлығаш,
Қызық сурет салады.
Бояғанда батырып,
Сынып қалды қарындаш,
Оған қатты өкініп,
Жылап қалды қарындас.
Айттым оған : «Жылама,
Қазір қайта ұштаймыз,
Қағазға көп батырмай,
Еппен ғана ұстаймыз!»
Ұшталғасын қарындаш,
Көңілі жай табады,
Сурет салып Қарлығаш,
Алды бестік бағаны.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қарындас пен қарындаш өлеңінің авторы кім?

Баянғали Әлімжанов — осы өлеңнің авторы.

Қарындас пен қарындаш өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қарындас пен қарындаш өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Баянғали Әлімжанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қарындас пен қарындаш өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері