Таңғы сезім – Жұмекен Нәжімеденов

Бұл бетте «Таңғы сезім» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1170
Көк бұлақ, әй, қусың-ау, қусың бұлақ
Тыныштық сай, жырада тусын, бірақ
Ну сыңсып, жатыр әне су сылдырап.
Бұраңдап көк шалғынға еркелейсің
көк бұлақ, әй, қусың-ау, қусың бұлақ.
Жіп соқпақ ирек түскен жол ма тағы?!
Сапардың ұзақтығын аңдатады,
Тәтті үміт, алда, алда, алда тағы!
Тағы бір адастырып кетейін деп
соқпақ жол түсті иректеп алға тағы.
Сылтауды дайындап aп бір өтірік,
түстім мен, жол жаңсағын біле тұрып,
тағы бір күрсінейін күле отырып,
мәулет бер, ғұмыр, мықтап адасайын,
тағы да естиінші бір өтірік.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Таңғы сезім өлеңінің авторы кім?

Жұмекен Нәжімеденов — осы өлеңнің авторы.

Таңғы сезім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Таңғы сезім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмекен Нәжімеденов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Таңғы сезім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері