Бай баласы байға ұқсар

Бұл бетте «Бай баласы байға ұқсар» атты Сыпыра Сұрғалтайұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.05.2020
  • 0
  • 0
  • 3476
Бай баласы байға ұқсар,
Байлаулы тұрған тайға ұқсар.
Би баласы биге ұқсар,
Алты қанат үйге ұқсар.
Хан баласы ханға ұқсар,
Биік-биік шыңға ұқсар.
Құл баласы құлға ұқсар,
Мал таптаған гүлге ұқсар.
Ханның ұлы қарауыл,
Бидің ұлы шыңдауыл.
Ел ағасы Аға би,
Жұрт ағасы Тағай би,
Батыр ұлы Байназар,
Қожаның ұлы Қосназар,
Қожамын деп, Аллаға,
Күнәкар боп Құдаға,
Құдыңдайсың, бәтшағар!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бай баласы байға ұқсар өлеңінің авторы кім?

Сыпыра Сұрғалтайұлы — осы өлеңнің авторы.

Бай баласы байға ұқсар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бай баласы байға ұқсар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сыпыра Сұрғалтайұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бай баласы байға ұқсар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері