Жүрегiме кiр жасырғым келмейдi
Бұл бетте «Жүрегiме кiр жасырғым келмейдi» атты Бақыт Беделханұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ойдан басқа серiгiм жоқ. Сенделгем.
Түсiмде де ойлар маза бермейдi…
Жұмыр жерден сыр жасырғым келгенмен,
Жүрегiме кiр жасырғым келмейдi.
Жазығы жоқ махаббатты жылаттым,
Дәргейiңнен дәрмен күттiм дауалым.
Жанарында жасырынған сұрақтың
Таба алмадым жауабын.
Көз жасымен жұлдыздарды көктеттiм,
Жүрегiмнiң қайғысынан нұр аулап.
Қара түннiң қабырғасы боп кеттiм,
Таңсәрiде күрсiнетiн бiр аунап.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі