Өлең, жыр, ақындар

Бәсіре құлын

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 31.05.2020
  • 0
  • 0
  • 2669
Торы құлын туғаннан
Болды менің бәсірем.
Кездерімде суарған
Тұрды сипап, қасып ем.

Байланған жоқ қазыққа,
Еркін асыр салады.
Құйындатып жазықта
Шауып-шауып алады.

Болса ұзар, түрі бар
Торы бие кісінер.
Құлын тоқтап, бұрылар,
«Қайт» дегенін түсінер.

Амал қанша, әзірше
Аяқтары жіңішке.
Ат болғанмен өзінше,
Жарамайды мініске.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бәсіре құлын өлеңінің авторы кім?

Оразақын Асқар — осы өлеңнің авторы.

Бәсіре құлын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Бәсіре құлын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Оразақын Асқар өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бәсіре құлын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері