Сағынба дейсің,
сағынарлықтай кімсің сен?
Мен сені күткем,
бірақ сен әсте келмеген.
Жолға мың қарап,
сұлбаңды жасап ойымнан,
Таңменен кешті,
кешпенен таңды өткергем.
Білмегем неге?
алдамшы сезім үмітін,
Сезбегем неге?
сезімсіз жанның күдігін.
Сарыла күтіп,
зарыға аңсап өтіпті-ау,
Алтынға бермес,
естелік толы өмірім.
- Аймақ Әбілда
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі