Неткен жанар
Бұл бетте «Неткен жанар» атты Бауыржан Үсенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Япыр-ау, неткен жанар, неткен жанар?!
Өртейтін отқа айналып кеткен бе адам.
Түсірді-ау найзағайын жүрегіме,
Бұлттардай қақтығысып көк торлаған.
Аз күнгі сауық-сайран болма маған,
Аңсағам, сағынышпен жол қарағам.
Өзіңнің емдеуіңді күтері анық,
Жүрегім қызыл қаны сорғалаған.
Өмірді сүйем бе, өзіңді сүйем бе,
Біле алмай соны ұяттымын.
Мөлдіреп тұрған көзіңді сүйерде,
Өмірдің құны бір-ақ тиын.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі