Жанарындай көктемнің – Гүлжауһар Сейітжан

Бұл бетте «Жанарындай көктемнің» атты Гүлжауһар Сейітжан жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.07.2020
  • 0
  • 0
  • 1658
Жанарындай көктемнің,
Жаның сенің мөлдір-ақ...
Елестейді жымисаң –
Жаз-табиғат, көл-құрақ...
Күн сипатты кейпіңді,
Күнім, кірбің шалмасын,
Бұртитып қос ұртыңды,
Өкпелеп те көр бірақ...
Күлкің сенің – қуаныш,
Былдырлаған тілің – жыр,
Көрдім бе екен дәл сендей сұлулықты бұрын бір...
Аппақ сенің жаныңа,
Күнім, қаяу түспесін,
Еркелікпен тек қана сәбилігіңді ұғындыр..
Келешегің көз тартып,
Көк күмбезбен таласқан...
Табиғаттың гүлі сен жапырағын жаңа ашқан.
Есеймей-ақ ерте сен,
Балалықта бала бол,
Сәбилерге қашан да сәби қылық жарасқан...
Ілестірмей жаяуды,
Шалдырмайтын аттыға,
Қайта айналып келмейтін,
Балалық шақ – бақ-мұра.
Қамсыз ойнап,
Қапысыз өткіз қымбат шағыңды,
Ақ лақтай секіріп,
Құлын-тайдай шапқыла...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жанарындай көктемнің өлеңінің авторы кім?

Гүлжауһар Сейітжан — осы өлеңнің авторы.

Жанарындай көктемнің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жанарындай көктемнің өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Гүлжауһар Сейітжан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жанарындай көктемнің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар