Бұл бетте «Айналасың бір тынбай» атты Гүлжауһар Сейітжан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Айналасың бір тынбай
Шырша маңын қуанып.
Төгетұғын күлкіңді-ай
Шаттығыңа суарып.
Есітемін түрлі үнді...
Билеп жүрсің көлбеңдеп.
Осы күйің бір күнгі
Маған он күн болды еңбек.
Сөйлей алмай лепіріп,
Еге алмай ойға егін.
Тіктім ұзақ отырып
Жаңа жылдың көйлегін.
Етек-жеңін зерледім,
Кеудесіне гүл тігіп.
Олпы-солпы жерлерін
Қайта істедім мың тұрып.
Бантигіңнің шетіне
Алтын шашақ тақтым да,
Сәйкес қылып бетіңе
Бөлеп қойдым ақ нұрға...
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі