Шабыт көкпары

Бұл бетте «Шабыт көкпары» атты Бауыржан Үсенов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.07.2020
  • 0
  • 0
  • 2280
Көңілдің көк дөнені ал, кісіне,
Жараспас жабы тірлік сал кісіге.
Соқтырып жөнелейін, мінсіз бүгін,
Шабыттың белі жуан, әлдісіне.
Сандалкөк-сауран тектес додаға кір,
Ой-қырды келтірейін тобаға бір.
Сүрінсең бұл сіркілде, атпазына,
Боп қалсын мәре болған оба қабір.
Серкені сексен қадақ бұйым көрмей,
Іс қылсам дос-дұшпаным күйінгендей.
Жеткенін шашып кетсем,
Мәселенки,
Долы жел құмнан құйып үйіргендей.
Па, шіркін, тартыс буы желіктіріп,
Жіберсем аспан астын бөріктіріп!
Көкпарды сағынған ел жер көшіріп,
Қол соқса қызығыма өліп тұрып.
Дүрмектің шамға көміп тамам бозын,
Келгенде, салса арулар маған көзін.
Қорғаған намысыңды қайран өлең,
Мен де бір жалғыз атты шабандозың.
Жалғыз ат, жалаң қылыш-ердің бағы,
Дәмелі бір бүркіттен елдің бәрі.
Сапары үзілмесе үйден шыға,
Салармын салымыңды зәңгірге әлі…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шабыт көкпары өлеңінің авторы кім?

Бауыржан Үсенов — осы өлеңнің авторы.

Шабыт көкпары өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шабыт көкпары өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Бауыржан Үсенов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шабыт көкпары өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар