Тыныштық – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Тыныштық» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Тып-тыныш боп тұратындай әманда,
Тыныштықты ұқпай қалдым табанда.
Табиғатта дөңбекшу жоқ,
Діріл жоқ,
Суретке бір түсетұғын адамдай

Қайран дала көпті көрген кәртамыс
Қалғып-мүлгіп,
Қалғып-мүлгіп тұр, таныс!
Жаратылыс жаратылыс болғалы
Жер бетінде болмағандай арпалыс!

Тіршіліктің бітелген бе құлқыны?
Тым-тырыс-ау,
Тым-тырыс-ау бұл түні.
Тыныштықтың құрсағында осындай
Тентек дауыл, жатырсың ба бұлқынып?!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (3)

самат

өте күшті

исекеева гүльмира бақытқызы 14 о,м меркі13,04,20

маған өлеңдер таптырмас үлкен дүние болды,

♕ⓐⓚⓔ♕

♕ⓐⓚⓔ♕

Осы автордың басқа өлеңдері