Таң

Бұл бетте «Таң» атты Ертай Ашықбаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.07.2020
  • 0
  • 0
  • 5219
Жұлдыздарын жинап болды Ай мақтап,
Жапырағын сілкіп қойды жайлап бақ.
Мең-зең болып кірпік ашты Ақтөбе,
Ілгері озған бір сағатты ғайбаттап.

Бұл Ақтөбе мазасы жоқ кент еді,
Дем алмайды тіпті жел мен желкемі.
Демалып-ақ жатыр жалғыз амалсыз,
Анау үйдің жұмыста жоқ еркегі.

Жатпағанда… қайда бармақ, не істемек?..
Әйел байғұс бұрқылдайды кешке кеп.
Ұясынан Күн шығып тұр ұялып,
Еш пендеге көрсете алмай еш көмек.

Жасырғысы кеп тұр көзін бұлтпенен,
Күн шыққанда шаттанбайды жұрт деген.
Жаңбыр тілеп жаутаңдайды аспанға,
Көңіл-әйнек кірін ешкім сүртпеген.

Бүгін жаңбыр жаумайды ғой — белгілі,
Елдің майдай ерімейді терлігі.
Тек тарихқа жаңа беттер қосады
Базардағы әйелдердің ерлігі.

Айтылмайды түйіні бар сөз әлі,
Тек көліктер бір-бірінен озады.
Тез қартайған жеңгелердің өңіндей
Ақтөбенің асфальттары тозады.

Бола қоймас төтен хабар, тосын жай,
Бір күн өтер еш жаңалық қосылмай.
«Өзің біл, — деп, — тұрмасаң да, тұрсаң да»,
Ақтөбеге таң келіп тұр осындай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Таң өлеңінің авторы кім?

Ертай Ашықбаев — осы өлеңнің авторы.

Таң өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Таң өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ертай Ашықбаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Таң өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері