Дүріл мен діріл – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Дүріл мен діріл» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Көктің де өзіне
Пайданың көзімен
Қараймыз бүгінде.
Гүл деген құнсыз бақ,
Деп, достар, гүлсіз қап
Жүрмесек түбінде.
Моторлар зіркілдеп,
Тынбайды бір күн де,—
Бұл, рас, ел қамы.
Жүректің дірілін
Машина дүрілі
Жұтпаса болғаны!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (3)

Ердос

Өте
Керемет.
Күшті

тұрысбек майгүл

тамаша

Даниал

Тамаша мықты жақсы күшті әдемі мен жарыстан бірінші орын аламын

Осы автордың басқа өлеңдері