Бұл бетте «Бүгінгі дала суреті» атты Сағи Жиенбаев жазған табиғат туралы өлең берілген.
Жер менен көкті жалғаған —
Ақ жолақ жатты тартылып...
Адырда тұрған аруана
Қарады бір сәт маңқиып.
Майысып,
Әлсіз бұралған, —
Қамыстар үкі тағынып,
Айдын көл аэродромдай,
Құс келіп жатыр ағылып.
Қалтырап,
Қорқып, дүрлігіп,
Құрбан боп кетпей теп-тегін,—
Киіктер жонда иіріліп,
Күтіп тұр газих өткенін...
Сәулені кешіп,
Жел желпіл,
Көңілде үрей-дық қалмай,
Дәуірдің барлық перзенті
Бір-бірін үнсіз ұққандай...
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі