Аспанды кенет тарылтып – Сағи Жиенбаев

Бұл бетте «Аспанды кенет тарылтып» атты Сағи Жиенбаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.07.2020
  • 0
  • 0
  • 1489
Аспанды кенет тарылтып,
Ауылды жерге бұқтырып,
Астан да кестен...
Сабылтып,
Жарқ етіп...
өте шықты бұлт.
Селк етті дала суынып,
Шағылдың іші суылдап,
Шилердің белі бүгіліп,
Шалғынның үсті шыңылдап.
Топырлап сол кез күш бермей,
Балалар шулап ұшты кеп,
Аспаннан алтын түскендей,
«Әнеки, жасыл түсті» деп.
Қашаннан -
ауыл шетінде,
Көктемде құстар толатын.
Орманнан келген өкілдей
Жалғыз бір терек болатын.
Жүретін қарттар қорғаштап,
Қияңқы қулар барса оған,
Тұратын сосын ол да асқақ,
Түсіпті жасыл дәл соған.
Күл басып кеткен маңайын,
Жапырақ жатыр шашылып.
Денесі түгел қарайып,
Бұтақтар қалған асылып.
Құлардай қазір үгіліп,
Қалмапты өрттен сау жер де,
Тұмсығы құмға тығылып,
Балапан жатыр әр жерде.
Қимылдап жатыр кейбірі,
Секілді тірі қалатын.
Кейбірі әлсіз жерді ұрып.
Жия алмай жатыр қанатын.
Шыр ете қалды біреуі,
Біреуі соған қосылды.
Біреуі шөпке сүйеніп,
Қайталап жатты осы үнді.
Әкетті жел де өсіріп, .
Барады жүрек суылдап —
Балапан құсқа қосылып,
Даланың өзі шырылдап...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аспанды кенет тарылтып өлеңінің авторы кім?

Сағи Жиенбаев — осы өлеңнің авторы.

Аспанды кенет тарылтып өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Аспанды кенет тарылтып өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сағи Жиенбаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Аспанды кенет тарылтып өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері