Сыртта боран ұлып тұр – Сағи Жиенбаев

Бұл бетте «Сыртта боран ұлып тұр» атты Сағи Жиенбаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.07.2020
  • 0
  • 0
  • 3256
Сыртта боран ұлып тұр,
Қырық жамау терезені ұрып тұр.
Қоңыр кеште
қоңыр үйдің ішінде
Қарсыласар пенде жоғын біліп тұр.
Пеш түбінде бүрісіп,
Төрт балапан отыр бойы құрысып.
Бірін-бірі демдерімен жылытып,
Бірін-бірі көздерінен ұғысып.
Ошақтағы сөнген от,
Барады аяз тұла бойға өрмелеп,
Бір-біріне жабысады төртеуі,
Көз алдында көгілдір шар дөңгелеп.
Долы боран жыны ұстап,
Дүниені тұншықтырып тұр ұстап.
Бір уыс боп бара жатыр төрт бала,
Бір көрпенің төрт шетінен уыстап...
Етек-жеңін түрініп,
Қайран ана жетті, міне, жүгіріп,
От құшақтап кіргендей ол,
шу етті
Сұлық жатқан төрт балапан тіріліп.
От та бірден лаулады,
Балапандар отқа қарай аунады.
Естіртпеді боранның да гуілін
Сарт-сұрт жанған сары қамыс баулары.
Көкжиектен күн қарап,
Дүниені тұрғандай бір гүлге орап,
Көктем шығып келе жатты кенеттен
Бұрыштағы мұз-қыраулар сырғанап.
Үрей-дүлей өтті ұшып,
Көкірек те, қоңыр үй де кетті ысып...
Бір ананың құшағына таласып,
Бірін-бірі аунатып жүр төрт күшік...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сыртта боран ұлып тұр өлеңінің авторы кім?

Сағи Жиенбаев — осы өлеңнің авторы.

Сыртта боран ұлып тұр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сыртта боран ұлып тұр өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сағи Жиенбаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сыртта боран ұлып тұр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері