Бұл бетте «Хамит Ерғалиевке» атты Иран-Ғайып жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Әкем десем –
Кім сенеді?!
Ол – өлген!
Жүрекке ауыр –
Жоқтап сарнау өлеңмен?!
Ұлым десем –
Қиянат қой?!
Ол да өлген!
Көңілім сенбес –
Көзім жасы көмгенмен!
Досым десем –
Шын досым жоқ!
Жалған дос –
Ішірткінің құтысындай
Қалған бос...
...Пірім дейін –
Құран ұстап,
Қол берген! –
Пірі өлмейді,
Пірәдәрі өлгенмен!..
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі