Ғұмыр

Бұл бетте «Ғұмыр» атты Маралтай Райымбекұлы жазған өмір туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 12.07.2020
  • 0
  • 0
  • 2016
Мен — жиырмадан асқан еңіреу,
Емексіп жүрген әрнеге.
Кездіктің ұшын сындырып,
Кектенсем, байлап жебеге —
Дұшпанга көзден қадап ем!
Ізгілігімнен адастым.
Суғарылмаған құрыш та ем.
Жұгатұғын да, қалмады-ау
Өмірде бүгін дүрыс дем.
Менің жүрек — кұмырама кұйған зарымды,
Бары оның осы еді-ау деп,
Бал екен ғой деп кім ішкен?!
Дәл мендей болып қамықпа,
Ей, көкірегі көктем бетеге!
Қош-қош айтып жарыққа,
Біз — суы үзіліп акқан арық та.
Біздегі үн сізге жете ме,
Түспей тұрғанымызда табытқа?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ғұмыр өлеңінің авторы кім?

Маралтай Райымбекұлы — осы өлеңнің авторы.

Ғұмыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ғұмыр өлеңі не туралы?

Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ғұмыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері