Екiұшты тағдыр – Әмірхан Балқыбек

Бұл бетте «Екiұшты тағдыр» атты Әмірхан Балқыбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.07.2020
  • 0
  • 0
  • 1006
Әкеме

Тiршiлiкке бейiмi жоқ ұлыңа,
Қазiр сенде болып жүр-ау аз өкпе.
Кiтап алып қаламақы пұлына
Екi-үш жырым басылғалы газетке.
Бала кездегi өлеңнен

Айтушы ең Омар Хаямды,
Оқушы ең жырын жатқа да.
Деушi едiң тек жыр баянды,
Басқаны, балам, мақтама.

Сағдимен сырлы мазалап,
Жәмимен жора қылып ең.
Хафиз боп бiрде ғазалдап,
Бедiл боп бiрде күлiп ең.

Ауылдың жайлы кешiнде,
Жұмекен дедiң жыр пiрi.
Сол бiр сөз әлi есiмде,
Есiмде әлi жүр тiрi.

Ақыннан елге қалары
Екi-үш жыр дедiң болғаны.
Жыр жазғын нөпiр қаралы –
Қалғаны соның жолдары.

Екi-үш жыр... жаздым, жазбадым?
Иемiн екi жинаққа.
Ақында басқа аз ба мұң?
Екi-үш жыр... менi қиналтпа!

Жоғалмас мәңгi жарқылы,
Сендердi жазбай кетем бе!
Екi-үш жыр... ақын тағдыры –
Екi ұшты тағдыр екен де...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Екiұшты тағдыр өлеңінің авторы кім?

Әмірхан Балқыбек — осы өлеңнің авторы.

Екiұшты тағдыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Екiұшты тағдыр өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әмірхан Балқыбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Екiұшты тағдыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері