Қатулансам, Шыңғысхандай қатал ем – Әмірхан Балқыбек

Бұл бетте «Қатулансам, Шыңғысхандай қатал ем» атты Әмірхан Балқыбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Қатулансам, Шыңғысхандай қатал ем...
Ата мұңға батады ендi баталы ер.
Бiр қыз көрiп күзгi аспандай бүлiнген
Ғұмырыма болып алдым қапагер.

Жаугер рух бастар жердiң шетiне –
Жалаң желдiң байлап қойып өтiне
Орта ғасыр батырлары өр намыс
Осым үшiн түкiрмей ме бетiме.

Дақ түсiрмей аруағы мен атына,
Ту астынан табылатын батырға
Бедел iздеп етегiне сүрiнген,
Мазақ болу оңай деп пе ең қатынға.

Өледi деп iшкi дертiн жасырған
Мәжнүн болсам затыма сай расында
Бейдауаға – замандасым күлмей ме, –
Орын жоқ деп жиырмасыншы ғасырда.

Халқым, саған сол болса егер керегi,
Қалды жорық,– сендiк жеңiс, мен ендi.
Шайыр болам бiр қызыңа күн мүсiн
Түнде сарнап шығаратын өлеңдi.

Суық түнде шығып алып шоқыға
Жылынатын махаббаттың отына.
Қас батырдан бiлегiне сенетiн
Айналам да жаны сақы сопыға.

Қылышымен жарып шыққан жатырды
Ақылынан алжастырған батырды
Анам деймiн асқақ басым иiлiп,
Осы қызды тапқан қазақ қатынды.

Қас батырлар, айта көрме оза сын
Сендердi де ойландырсын сөз асыл.
Пәк арудың ақ бiлегi ұсынған
Бейбiт күннiң iшсем деп ем бозасын.

1992 жыл


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қатулансам, Шыңғысхандай қатал ем өлеңінің авторы кім?

Әмірхан Балқыбек — осы өлеңнің авторы.

Қатулансам, Шыңғысхандай қатал ем өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қатулансам, Шыңғысхандай қатал ем өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әмірхан Балқыбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қатулансам, Шыңғысхандай қатал ем өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері