Бұл бетте «Қаламсап» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көріп жүрмін неше түрлі қаламсап,
Таңдағанда болу керек маған сақ.
Кейбіреуі қанмен жазса шындықты,
Кейбіреуі жылмаңдаған жарамсақ.
Кейбіреуі данышпансып, білгірсіп,
Кейбіреуі өсек жазар көлгірсіп,
Кейбіреудің сырты жылтыр болғанмен,
Іші қуыс, іздегені – кіл қырсық.
Кейбіреуі жазады тек көргенін,
Күліп-ойнап, тойда тойып жүргенін.
Кейбіреуі сөзге сараң, тым тұйық,
Өзегінде не жатқанын білмедім.
Кей қаламсап іздеп жүрсе жаңа айғақ,
Кей қаламсап кібіртіктер, қарайлап.
Ақ қағаздың бетін былғар шимайлап,
Мықты қолдар ұстамаса абайлап.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі