Қаладағы қаптап кеткен шыршалар –
Ақылбек Шаяхмет
Бұл бетте «Қаладағы қаптап кеткен шыршалар» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қаладағы қаптап кеткен шыршалар
Тәуелсіздік мерекесін тұмшалар.
Жасы жетпей қыршынынан қиылмай,
Жақсы еді ғой орманында тұрса олар.
«Ағаштарды тамырынан айырған
Жөн емес!» – деп қызыл тілім ойылған.
Шыр айналып, қу таяққа табынған,
Өзге жұрттан бар ма сенің айырмаң?!
Шыршалардың жасыл түсі сарғайып,
Қалтыраса, кескен жанға бар ма айып?!
Шыбықтарды қызық үшін қырқып ап,
Сол шыршадай көктей солып қалмайық.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі