Неге? – Ақылбек Шаяхмет

Бұл бетте «Неге?» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.07.2020
  • 0
  • 0
  • 1023
Кейде тыныс бітіп,
Ауаны әзер жұтып,
Ұмтылсаң да қанша,
Аламын деп ұтып,
Жеткізбейді мәре.
Неге,неге,неге?

Ақ желкенді керіп,
Арманыңа еріп,
Толқындарды тіліп,
Алға жүзсең сеніп,
Қайырлайды кеме.
Неге,неге,неге?

Көп кісіні жасық
Қалса мысың басып,
Қарсы келген жауға
Тұрсаң кеуде ашып,
Қадалады жебе.
Неге,неге,неге?

Болсаң да хан, төре,
Жетпегенді жебе,
Жетімдерді еле,
Тыныш жүрсең және,
Жоламайды пәле.
«Неге, неге?» –деме.

Жібек жіптей есіл,
Түйген жіптей шешіл.
Қиналғанға қол соз,
Қастасқанды кешір,
Қисаймасын көшің,
«Неге, неге?» –деме.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Неге? өлеңінің авторы кім?

Ақылбек Шаяхмет — осы өлеңнің авторы.

Неге? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Неге? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ақылбек Шаяхмет өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Неге? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері