Кей кезде қорқынышты түс көремін – Ақылбек Шаяхмет

Бұл бетте «Кей кезде қорқынышты түс көремін» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.07.2020
  • 0
  • 2
  • 2268
Кей кезде қорқынышты түс көремін,
Түлкінің боғы дейді түс дегенің,
«Апырай, не болды?» – деп сескенемін,
Сол түсім өңім болса не істер едім?!

Оянсам, өзіме өзім келе алмаймын,
Тәтті түс көрсем-ау деп қиялдаймын.
Таң ата жан-жарыма жорытамын,
Жориды жақсылыққа ол әрдайым.

Жабырқап, жан-жағыма алаңдаймын,
Сезімнің жетегіне ере алмаймын.
Өңімде көрген қызық түсім бе деп,
Кей-кейде өзіме өзім сене алмаймын.

Көргенім – таныс жандар, таныс белес,
Жырақта жатқан Шолпан, Марс та емес.
Арасы өң мен түстің жақын емес.
Арасы өң мен түстің алыс та емес.


Пікірлер (2)

Гүлжан

Жақсы өлең екен. Ұнады

Myrza

Өте тамаша!

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кей кезде қорқынышты түс көремін өлеңінің авторы кім?

Ақылбек Шаяхмет — осы өлеңнің авторы.

Кей кезде қорқынышты түс көремін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кей кезде қорқынышты түс көремін өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ақылбек Шаяхмет өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кей кезде қорқынышты түс көремін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері