Қалмайды көктем келсе, қыста қаһар
Бұл бетте «Қалмайды көктем келсе, қыста қаһар» атты Ақылбек Шаяхмет жазған табиғат туралы өлең берілген.
Қалмайды көктем келсе, қыста қаһар,
Мұзың де көктемде еріп, қыста қатар.
Қанатың қатаймаса, шырқау көкте
Ақиық қырандармен ұшпа қатар.
Күн суып, үсік түспей ағаш солмас,
Жаз бен қыс бір біріне қоңсы қонбас.
Ыстыққа, суыққа та төзе алатын,
Қалдырмас орта жолда, болса жолдас.
Көктемде егін жасыл, күзде сары,
Бидайдың жиналады күзде дәні.
Түр-түсін әр мезгілде өзгертетін,
Ұқсайды табиғатқа жас пен кәрі.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі