Түбінде бір өміріңнің күн беті – Абзал Бөкен

Бұл бетте «Түбінде бір өміріңнің күн беті» атты Абзал Бөкен жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.07.2020
  • 0
  • 0
  • 1738
Түбінде бір өміріңнің күн беті
көлеңкеге ауысуы – міндеті.
Жарты ғұмыр – жалт еткен бір жалқы шақ,
Ұқтың ба оны, пайғамбардың үмбеті?

Аққан судай ада болған жылға, әне,
Жыл кетті, – деп жабырқаған ұл, кәне?
Бір ғұмыр ғой опырылған он екі ай,
Ұқтың ба оны, ей, Құдайдың құлдары?

Ұққан жоқсың.
Өмір өтсе налымай,
Сөнбестей боп көрінеді жарық ай.
Құдайыңнан соңғы Құдай – Уақыт,
Соны ұқпаған,
нені ұғасың, жаным-ай?!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері