Аудару – Абзал Бөкен

Бұл бетте «Аудару» атты Абзал Бөкен жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.07.2020
  • 0
  • 0
  • 1449
Жырымды аудармаңдар,
Аудармаңдар,
Аударып, – дей алмаймын, – дау қармаңдар.
Өлеңді аударсаңыз,
Көз алдыма
келеді тең-тең жүгі ауған нарлар.

Аударма французға, неміске де,
орысқа, ағылшынға... (кері істеме).
Үзіліп түскен жырды өзегімнен
Үзуді тағы да бір жөн іс деме.

Жыр түгіл,
Жеңіл келер жоба, мәні
Қайтқан жоқ қара сөздің обалы әлі.
Аудару дегеніңіз – аударылу,
Нәрседен аударылған не қалады?

Ой-қырын оқсатсаң да шола барлап,
Жемісін секілденер тонаған бақ.
Ой,
Сезім,
Мәнер,
Машық,
Мінез,
Мәніс...
Қалайша менікіндей бола қалмақ?!

Қабылдап хақ Тәңірдің бұйырығын,
Қағазға түскен сөздің күйі мығым.
Сөз шіркін ауа берер.
Аумас бірақ
Икемім,
Инабатым,
Иірімім.

Шоқтығы Эверестің шоқтығы боп,
Еңсесі тұрса-дағы көкті тіреп,
Абайды Абайдай ғып өзге тілге
Айнытпай шығара алар жоқ құдірет.

Болғанмен ниеті дұрыс, беті дұрыс,
Аудару – әуелден-ақ өтірік іс.
Қырды аудар, жырды аударма.
Өйтпесең,
Киесі күйзеледі, кетіп ырыс.

Ендеше, өлеңімді аудармаңдар,
Мен емес ойдағымды таудан қармар.
Тарта алса қара өлеңнің қазынасын
тартады
Аудармадан сау қалған нар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аудару өлеңінің авторы кім?

Абзал Бөкен — осы өлеңнің авторы.

Аудару өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Аудару өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абзал Бөкен өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Аудару өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері