Өлең, жыр, ақындар

Бір қызығы өмірдің ән екенін

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 21.07.2020
  • 0
  • 0
  • 1889
Бір қызығы өмірдің ән екенін
Дей алмаймын Абайша сән етемін.
Жалқы томнан ол құсап жылу таппай,
Алты томнан, кемінде, дәметемін.

Жақсылықтан жаралған жөргегі шын
Жырламаған жан аға ермек үшін.
Ал, біз жаздық ат үшін, атақ үшін,
Алмақ үшін,
біреуге бермек үшін.

Қалам алсам қайғыртып қаламақым,
Хас ақынның ұмыттым аманатын.
Өгіз болып өрсін деп баспақ танам,
Семіз болып желсін деп жаман атым.

Алаңдатып ар емес, айдар малым,
Қараң қалды қауым деп қайғы алғаным.
Осы болар «қорқытып» қарт ақынды,
«Кейінгі жас балаға» айналғаным.

Қарайлары еді оның Қасқабұлақ,
Біз жатырмыз жылғаны жастанып ап.
«Мен ішпеген у бар ма?» – дегеннен соң,
Мен де іштім,
Мендегі у басқа бірақ...

Қанша айтса да заманға көпір тұлға,
Жұқпай қойды кеңесі кекірт ұлға.
Кешегінің қан деуші ед бір-ақ ұрты,
Бүгінгінің қан боп тұр екі ұрты да.

Ойын – арзан,
Ой – маржан оған кілең,
Ал, мен болсам, не болса соған күлем.
Мың ісіне бір ісім үйлеспепті,
Абай бола алмауым содан білем.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бір қызығы өмірдің ән екенін өлеңінің авторы кім?

Абзал Бөкен — осы өлеңнің авторы.

Бір қызығы өмірдің ән екенін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Бір қызығы өмірдің ән екенін өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абзал Бөкен өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бір қызығы өмірдің ән екенін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері