Өксікті естіп өрекпіген өзеннен

Бұл бетте «Өксікті естіп өрекпіген өзеннен» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.07.2021
  • 0
  • 0
  • 732
Өксікті естіп өрекпіген өзеннен,
Бір өзгеріс болатынын сезем мен.
Бұлтты көріп Күн астында безерген,
Бір өзгеріс болатынын сезем мен.
Елді көріп құт орнына сөз емген,
Бір өзгеріс болатынын сезем мен.
Шөлді көріп ерні қақ-қақ кезерген,
Бір өзгеріс болатынын сезем мен!
Көкті көріп көктем шыға тез өнген,
Бір өзгеріс болатынын сезем мен.
Жайды көріп жерге оттығын кезенген,
Бір өзгеріс болатынын сезем мен!..


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері