Бұл қазақта
Бұл бетте «Бұл қазақта» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бұл қазақта екі сөздің бірі өлең,
Қайсыбірін таңдайды ел?
Аяққаптай кеудемізді шіреген
Апыр-ау, бұл қандай жел?
Бұл қазақта екі ақынның бірі ұлы,
Екі қайтып келмейтін.
Көкіректе көктемесе ұрығы,
Топырақта өнбейтін.
Бұл қазақта екі көздің бірі сау,
Ал біреуі...сəл зағип.
Үңгірдегі жүрегіңе, дұрыс-ау
Үңілгенің шам жағып.
Бұл қазақта екі достың бірі қас,
Жеме-жемге келгенде.
...Қасқыр қалай Айға қарап ұлымас,
Кеудесін шер кергенде?!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі