Қара суық желге бердім сыртымды

Бұл бетте «Қара суық желге бердім сыртымды» атты Жанна Елеусіз жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.07.2020
  • 0
  • 0
  • 1459
Қара суық желге бердім сыртымды.
Жүрегімде – мәңгі жасыл бақ заңғар…
қызғанбашы менің жылы күлкімді,
еріп бара жатқан Қар…

жымиғаным сәнді етеді ернімді
көзімдегі жұмсарады ренішім…
шыршама іліп қоям сенің белгіңді,
еріген қар, соның бәрі Сен үшін…

кешіктік біз, сен де, мен де. Көген жыр.
Ол да байғұс табар сылтау күлерге.
Қаңтарда емес, Наурызда келер Жыл –
қадірімізді білер ме?..

Еріген қар тротуарлар шетінде,
қара суық жасап жатыр тірі мұз.
Ол қағаздың, мен өлеңнің бетінде,
жымиямыз бірімізге біріміз…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қара суық желге бердім сыртымды өлеңінің авторы кім?

Жанна Елеусіз — осы өлеңнің авторы.

Қара суық желге бердім сыртымды өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қара суық желге бердім сыртымды өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жанна Елеусіз өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қара суық желге бердім сыртымды өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері