Бұл бетте «Алабұрту» атты Ақберен Елгезек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мен баяғы баламын, кекілдімін…
Әй, бірдеңе білетін секілдімін.
Түнде менің етімді ұйқы құшып,
Таңсәріде сүйеді дәтімді Күн.
Өтініш пен өкініш арасында,
тоңып жүрмін, өмірдің жағасында.
Түстерімде – сабылып сансыз аруақ,
Бата берер…
Нанбайсың… нанасың да.
Шаршадым ба өмірден?
Жалықтым ба?
Жұмақ – анда… білемін, тамұқ мұнда.
Менің ішкі дүниемді аластауға,
құдыреті жетпейді-ау жарықтың да…
Бір үмітті іздеймін бекер күннен.
Шынымды айттым.
Ал, содан өтелді нем?
Нәрестенің иісін аңсап жүрмін…
Әлде, қатты сағындым Әкемді мен?..
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі