Терісбұрау – Ырысбек Дәбей

Бұл бетте «Терісбұрау» атты Ырысбек Дәбей жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.08.2021
  • 0
  • 0
  • 764
Домбыра құлағын бұрап
теріс бұрауға түсірген,
Таңдайдағы әнің де
жүректі шытынатар еді.
Бассыз көмілген бабаның
моласы қобыздай аңырар,
Жасыңды кім сүртер?
Қаптаған қара құрттың жемі.
Қайырылған қайран ел
кермек тамшыңмен толған,
Ұлы Ертіс Мұзды мұхиттың
қас-кірпігісің ағарған...
Тасаттық беріп қарагердің кекілін қиып,
Қанша қария күбірлеп...
Сан ұрпақ жаңарған.
Ешкім де енді ақ иық баптап,
Айыр өркеш түйені
шөгеріп шом жасамайды.
Кәрі жартаста сүзіскен... тарихтың табы –
Ол да бір қайыры жоқ
қатпары қалың қайғы...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері