Аңсар – Ырысбек Дәбей

Бұл бетте «Аңсар» атты Ырысбек Дәбей жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.08.2021
  • 0
  • 0
  • 630
Жыр жазып отырам кейде,
Мәңгілік махаббат жайлы.
Қобыздың тілінде сөйлер,
Көкжал жанарындағы қайғы.
...Құстардың қанаты талған,
Сезеді жазира – мезгіл.
Құмдарға көз жасы тамған,
Жаңбырлы маусымдай кез бұл.
Тозақтың отындай шарпып,
Даланы күйдірер аптап.
Толқында қауырсын қалқып,
Жағаны жайлайды батпақ.
Теңізге көз салып шалқар,
Күтесің...
Телміріп нені?
Жағалау тұңғиық тартар,
...Теңіздің сұп-суық желі.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері