Тілек – Ақберен Елгезек

Бұл бетте «Тілек» атты Ақберен Елгезек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 24.07.2020
  • 0
  • 0
  • 5849
Сенім керек –
Үмітімнің шырағы,
Біліп тұрып, білгім келіп тұрады.
Жылдарды емес, табиғаттың әр кезгі,
Мезгілдерін сүргім келіп тұрады.
Қиял керек –
Арманымның бұлағы,
Бақытыма сенгім келіп тұрады.
Жаратылыс құпиясын білуге,
Барлық затқа енгім келіп тұрады.
Өмір керек –
Жаратқанның сынағы,
Құлап жатып, тұрғым келіп тұрады,
Мен тағдырдың адастырған соқпағын,
Ақиқатқа бұрғым келіп тұрады.
Ілім керек –
Сана-сезім жұмағы,
Аппақ нұрға толғым келіп тұрады.
Мен пейіште әр қазақтың баласын,
Көргім келіп тұрады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері