Өмірім қайда? – Зайда Елғондинова

Бұл бетте «Өмірім қайда?» атты Зайда Елғондинова жазған өмір туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 24.07.2020
  • 0
  • 0
  • 1336
Өмірім қайда?!
Сенің мөлдір көзіңде қалды ма?!
Әлде жанарымнан жас боп тамған сезімде қалды ма?!
Әлде адасулар мен құлазулардан тұратын,
Аңғал да таза кезімде қалды ма?!

Өмірім қайда?!
Шынымен, жер бетінде ме?!
Әлде көктемнің келбетінде ме?!
Әлде жүрегімді сыздатқан,
көкірегіме мұз қатқан,
Махаббаттың сезім деген жендетінде ме?!

Өмірім қайда?!
Білмеймін. Күлкім келеді.
О, Алла! Жұлдыз қылшы бір түнге мені.
Өмірім қайда?!
Жаным жасарып, тәнім көнеріп барады,
Жаратқан неге берді екен, шіркін, денені?!
Өмір дегеніміз осы ма?!
Білмеймін. Әйтеуір, күлкім келеді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өмірім қайда? өлеңінің авторы кім?

Зайда Елғондинова — осы өлеңнің авторы.

Өмірім қайда? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өмірім қайда? өлеңі не туралы?

Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Өмірім қайда? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері