Бұл бетте «Өлең мені іздеді» атты Айсұлу Рүстемова жазған поэзия туралы өлең берілген.
Күн көтеріп келе жатам кеудеме өлең мені іздеді
Көшелерді таңда кезіп күз демі
Жапыраққа шық тізгені.
Ерте оянып, ертегі айтып осылай
Өлең мені іздеді.
Жүрегімді жуып өтті бір ағын,
Естімей ме құлағың?
Алатаудың биігінен дәметіп
Бұлағындай жыладым.
Ақбас таудың сүйгенде не асқарын?
Бұлт-көңілім. Тас та мұң.
Өзгере алмай өтесің,
Өлшеп берген, қас-қағым.
Көшелерді таңда кезіп күз демі,
Жапыраққа шық тізгені.
Ерте оянып, ертегі айтып осылай
Өлең мені іздеді.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі