Бұл бетте «Өзегін өрт алып кеткен» атты Айсұлу Рүстемова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Өзі аз сәуле.
Несі қалды бітпеген?
Қуыршақтай қоя алмадым түкке ден.
Өзегін өрт алып кеткен.Енді оны
Анасы да ағарта алмас сүтпенен.
Сөз де, ой да сияқты елге кіл әйгі.
Қаңғыбас мұң менен нені сұрайды?
Жақсы өмірден дәмесі бар бір мұңлық
Жүрегіме кіріп алып мұңайды.
Сексеуілдің жасайды не күлінен?
Түрі игінің түсінен де түңілем.
Жоғалам ба жол таба алмай жоқ болып,
Тірі жүру бүгі менен шігінен?
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі