Бұл бетте «Менің әнім құс үніндей» атты Зайда Елғондинова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Менің әнім құс үніндей,
Көңілімнің түсі нілдей.
Жаным жұлдыз, сыр-сымбатым,
Ақ қайыңның мүсініндей.
Шынар тұлғам мың бұралған,
Ал күлкімнің сыңғыры арман.
Көктем келсе көкірегімде,
Бүр жарады мың бір арман.
Жымиясың жанымда сен,
Неге сенің әнің бәсең?!
Мен көктеммін, сенесің бе,
Жан-жүрегім мамыр десем?!
Жалыныма Күн шыдайды,
Сезім бұлақ тыншымайды.
Сакура (ханами*) гүл ашқанда,
Жетелеймін үнсіз Айды.
Сакура (ханами)* – жапондықтар бұл ағашты махаббат ағашы деп ерекше құрметтейді.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі