Көксу – Зайда Елғондинова

Бұл бетте «Көксу» атты Зайда Елғондинова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.07.2020
  • 0
  • 0
  • 2033
Алай-дүлей бұлт көшіп аспандағы,
Тұрақтайтын тәңірдің қашқан бағы.
Бұл Көксу ұлы шыңнан басын алып,
Мұздақты бұрын-соңды жастанбады!
Керіп бір кербез Көксу керік қасын,
Жақұттай жылтыратып өріп тасын!
Арқырап аждаһадай жүз бүктеліп,
Құятын Қараталға ызғып келіп!
Тас шайнап, бүркіп көкке, малта тасын,
Көрсетпей асау толқын, арқа-басын,
Жолына бөгет болса, арда Көксу,
Жартасты ту ағаштай жаңқаласын!
Тұлпардай тарпаңсың-ау, бас білдірмес,
Сел алып, күнің жоқ қой тасқын жүрмес!
Сәулесін төккенменен сары ала Күн,
Атойлап Қараталға тұмсық тіреп,
Көксуым көкке шапшып демаласың!
Қаратал, тұңғиық, тұнжыр өзен,
миятың бар,
Көк суын, қарғын суын жиясыңдар,
Алып бір дарияға айналып ап,
Балқашқа айдын-шалқар құясыңдар!
Табысып жеті өзенмен қолтықтасып,
Аз сөйлеп, Көксуым-ай, артық басып!
Ойнайсың, Жетісуға еркелейсің,
Бой бермей көктің суы шалқып, қашып...
Ғаламат ғұмыр кештім, аптапты арман,
Алдымнан күрес шықты қаптап, жалған!
Сонау бір сәби кезде бір түп бұта,
Жағаңда өмірімді сақтап қалған!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көксу өлеңінің авторы кім?

Зайда Елғондинова — осы өлеңнің авторы.

Көксу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көксу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Зайда Елғондинова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көксу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері