Бұл бетте «Жасасын жаңғырық» атты Асылзат Арыстанбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жасасын жаңғырық,
Өлетін қаңғырып.
Жасасын дауыстар,
Өлетін қарлығып.
Жасасын күлкілер,
Күл болған ауада.
Жасасын «түлкілер»,
Піл болған қалада.
Жасасын сойқандық,
Саржағал өсектер.
Жасасын сайқалдық,
Салулы төсектер.
Жасасын өтірік,
Сөйлейтін көпіріп.
Жасасын кекірік,
Шығатын өкіріп.
Жасасын пасықтық,
Палаудай бұқтырған.
Жасасын жасықтық,
Жасампаз ықтырған.
Жасасын соқырлар,
Көрсе де көрмейтін.
Жасасын пақырлар,
Ділмарсып сөйлейтін.
Жасасын мылқаулар,
Мыңқ етпес мекерлік.
Жасасын сылтаулар,
Уəделер «шетелдік».
Жасасын өгейлік,
Өзектен тебетін.
Жасасын кедейлік,
Еңсемді езетін.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі