Мен Сізді жақсы көрем, жасырмаймын – Асылзат Арыстанбек

Бұл бетте «Мен Сізді жақсы көрем, жасырмаймын» атты Асылзат Арыстанбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 27.07.2020
  • 0
  • 0
  • 10280
Мен Сізді жақсы көрем, жасырмаймын,
Жарқ еткен бұлтты күні жасындаймын!
Өзіммен өзім жүріп өртенемін,
Иә, мен осындаймын!

Жақсы көру үшін де керек сенім,
Сенімге мен де сөзбен көмекші едім.
Сіз де мені сүйесіз, сеземін ғой,
Иә, мен ерекшемін!

Жалыныма жылынам жасқаса мұң,
Қайғымен де қабарған достасамын.
Сүйе берем сүйегім қурағанша,
Иә, мен басқашамын!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері