Сенбеймін
Бұл бетте «Сенбеймін» атты Асылзат Арыстанбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мен енді сенбеймін ешкімге,
Президент періште болса да.
Сыймасам сыймайын бес күнге,
Сол үшін басымды алса да.
Мен енді сенбеймін еліме,
Егіліп тұрса да күлетін.
Сенбеймін жерұйық жеріме,
Жемқорлар тайраңдап жүретін.
Сотқа да сенбеймін сұраншақ,
Пəрмені парамен баттасқан.
Өтірік жүремін ұран сап,
Сыңаймен еліме жақтасқан.
Саған да сенбеймін Отаным,
Отқа да түспеймін сен үшін.
Байысам бəрібір сатамын,
Батыстың киіп ап кебісін.
Ешкімде реніш болмасын,
Мен енді сүймеймін бұл елді.
Халыққа атылған қорғасын,
Сенімнен айырып жіберді.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі