Ақша қар да, аппақ арман қуантпас –
Анар Шамшадинова
Бұл бетте «Ақша қар да, аппақ арман қуантпас» атты Анар Шамшадинова жазған табиғат туралы өлең берілген.
Ақша қар да, аппақ арман қуантпас,
Енді мұңнан қорғай алмас құшағың.
Ыстың тәнің, қыстың әні жұбатпас,
Темір төсек – құшарым.
Арашала тәңір сыйы – жарық Күн,
Айсыз түнде адасқаным анық-ты.
Кешіре алсаң, жылуыңа қарық қыл,
Күнә тұнған жастарымнан жалықтым.
Сіз –дастансыз, мен –бір қағаз өлеңмін,
Сіз –бейхабар, мен бәріне қанықпын.
Сіз келгенше сағыныштан өлермін,
Бақ қуам деп көште жалғыз қалыппын.
Жаны жыртық, әлі үрпек қыз екем,
Таптап өтіп, сіз кетесіз қайтадан.
Өлең – өзім, мендік өмір – сіз екен,
Жерде, төрде, көрде Сізбен бақ табам.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі