Бұл бетте «Мейлі» атты Әмір Әлім Әсетұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Уақыт өтті, сен мені сағындың ба?
Жалғыздыққа менсіз-ақ бағындың ба?
Түн жамылып,еңіреп жалғыз өзің,
Көздеріңнің жастарына малындың ба?
Тоңып қалып кештерде қаласың ба?
Салқын түскен ай мен түннің арасында.
Мұңға толған, суыған тік кеудемді,
Жүрегімен суырып аласың ба?
Жылулығың бойыма енеді ме?
Аялайтын сөздеріңмен төгіп тұрып.
Шындық сөзді сен ұққың келеді ме?
Аямайтын көздеріңмен көріп тұрып.
Мейлі деймін, көнемін амалым жоқ.
Өзің шештің қаладың осы күнді.
Құр сезімнен болмайтын табарым жоқ.
Жылай бермей, ұйықта, өткіз түнді.
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі