Бұл бетте «Екі ой» атты Әмір Әлім Әсетұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Не десем екен, не десем, Айға да лайық теңесем. Өңім бе, әлде түсім бе, Қайырылмай кеттің неге сен?
Махаббат қуат күшім, тірегім де, Ғашықтық қан ойнайды жүрегімде. Сүюден жаратылған біз жандармыз, Сүймесек неге келдік бұл өмірге?!
Бал дәуреннің бөлісіп аз күндерін, Балауса гүл жастықтың назды үндерін, Сағынышты көңілім көктемді аңсап, Сағынамын жанымның жаз гүлдерін.
Хабарлама
INFO
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі