Бұл бетте «Құлқын» атты Темірғали Көпбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Төрем-ау, неменеге шіренесің?
Түбінде бір тұйыққа тірелесің.
Тамағы тесік пенде емессің бе,
Болғанмен санаң бүтін, түгел есің.
Болғанмен санаң бүтін, түгел есің,
Құлқынның құлы екенін біле ме ішің?
Нәпсіңді қызыл өңеш қиғаш тартса,
Арды да айырбастап жібересің.
Бұл оймен келіс мейлі, келіспегін,
Тепсінсең ақиқатты теріс дедің.
Күнәні кеңірдектен кешіп тұрып,
Кейпіне енгің келер періштенің.
Қызыл күн қырдан қашқан түлкі ме еді?
Санамды сансыз сауал сілкіледі.
Тамағың тесік болып жаралмасаң,
Періште болуың да мүмкін еді.
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі