Сары жапырақ – Нұржан Қуантайұлы

Бұл бетте «Сары жапырақ» атты Нұржан Қуантайұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 01.08.2020
  • 0
  • 0
  • 1742
Қыстыгүнi тереземе
Сары жапырақ кеп жабысты.
Жарықтық өзi елегiзе ме
Сағыныш құсап сары жұртындай алыстың.

Әлде...
Хаты ма екен, бауырлар,
Жүрiп келген неше күн
Қалың қар басқан қияндағы ауылда
Сарғайған әке-шешемнiң...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері