Тамыз түні – Нұржан Қуантайұлы

Бұл бетте «Тамыз түні» атты Нұржан Қуантайұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.08.2020
  • 0
  • 0
  • 2000
Күйкi тiрлiк бiткендей қансонары,
Ұйқыдағы Алматы тамсанады.
Көше шамы телмiрiп жұлдыздарға
Көрер таңды көзiмен қарсы алады...
Намыс-бұлттан жарқ етер жай табылды,
Жұлдыздарды жарамсақ жайқап ұрды.
Аңдаусызда аспанға нұрын шашып
Нәлiсiндей етiктiң... Ай қағылды.
Бәрi қалып,
Басылыпты автолар желiгi анық.
Жұлдыз күлiп секiрдi жерге қарай,
Жыртыс қылып көк жүзiн бөлiп алып.
Ай бөлмеме қарайды әлi үздiгiп...
Қараша емес, бар бiрақ сәл ызғырық.
Тәңiр берiп тамызға салқын түндi,
Байғұс жазды қойғандай қарыз қылып...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тамыз түні өлеңінің авторы кім?

Нұржан Қуантайұлы — осы өлеңнің авторы.

Тамыз түні өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тамыз түні өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Нұржан Қуантайұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тамыз түні өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері